Halyq Uni логотип
×

Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді

ЖОО-ға құжат қабылдау 25 тамызда аяқталады

 Динара Амантай 06.08.2024 | 09:06
Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді
фото: Sputnik / Айсулу Жумагулова

Биылғы оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, осы жылы жергілікті әкімдіктер 2 мың 475 білім беру гранттарын бөлген. 

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады, - делінген хабарламада.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама