×

Израиль Нетаньяхуге бункер дайындап жатыр

Бірнеше жүз адамға арналған бұл бункер Иерусалим қаласының аумағында орналасқан

 Халық үні 05.08.2024 | 22:31
фото: Flickr/Israel Defense Forces

Израильдің үш ірі ұйымының бірі «Шин Бет» Иранның шабуыл қаупіне байланысты ел басшылығына бункер дайындап жатыр, деп хабарлады Halyq Uni inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті Walla порталының хабарлауынша, бірнеше жүз адамға арналған бұл бункер Иерусалим қаласының аумағында орналасқан. Оның құрамына тұрғын үйлері бар кеңселер, Қорғаныс министрлігімен байланыс орталығы кіреді және зымыран соққыларынан қорғалған. Соғыс кезінде жоғары шенді басшылар ұзақ уақыт қала алатын жерасты бункері толығымен қайта өңделіп жатыр.

Шамамен 20 жыл бұрын салынған бункер қолданыстағы қару-жарақтардың бірқатарына төтеп бере алады. Қорғаныс министрлігінің Тель-Авивтегі штаб-пәтерімен байланыс орнатылған.

«Ұлттық қолбасшылық орталығы» деп те аталатын бункер Израильдің Газадағы соңғы 10 айлық соғысы кезінде пайдаланылмаған. Дегенмен оны премьер-министр Беньямин Нетаньяху мен басқа да жоғары лауазымды тұлғалар Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі кезінде Израиль Иран мен Хизболланың ықтимал шабуылдарына қарсы дайындап жатыр.

Айта кетсек, Иран 48 сағат ішінде Израильге соққы беруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама