Президент Сердар Бердімұхамедовпен Түрікменстанға жоспарланған сапары жөнінде сөйлесті
Әңгімелесі барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мемлекет басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.
Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Тоқаев Өзбекстан президентінің көмекшісімен өзекті мәселелерді талқылағанын хабарлаған болатынбыз.