Тоқаев Өзбекстан президентінің көмекшісімен өзекті мәселелерді талқылады
Мемлекет басшысы Астанада өтетін халықаралық интеллектуалдық ойынның өткізілуіне қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды.
Кездесуде ақпараттық-идеологиялық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және жастар саясаты салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша мән берілді.
Президент Астанада халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өтті.