Жүк құрамы Сианьдағы порттан жөнелтілді
Қытай-Қазақстан-Өзбекстан бағдары бойынша жүкті жедел жеткізу ұйымдастырылып, контейнерлік пойыз рекордтық 5 күнде 4486 шақырымдық жолды жүріп өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жүкті жеделдетіп жеткізу сервисі сәуірде Хиуа қаласында Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің Қытай-Қазақстан-Өзбекстан бағдары бойынша жүк тасымалдарын ұйымдастыру және Трансауған бағытын дамыту туралы қол жеткізген уағдаластықтары шеңберінде ұйымдастырылды.
Жүк құрамы Сиань қаласы портындағы қазақстан-қытай терминалынан жөнелтілді. Контейнерлер KTZE Khorgos Gateway құрғақ портында қайта тиеліп, ҚТЖ желісі бойынша Сарыағаш шекара маңы станциясына, одан әрі соңғы нүкте – Орталық Азияның ірі көлік хабы - Ташкент станциясына дейін жүруді жалғастырды.
Жүкті тасымалдаудың қысқа мерзімі ҚТЖ-ның Қытайдағы терминалдық мүмкіндіктерін пайдаланудың, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің екі елдің шекара маңындағы инфрақұрылымын кеңейту бойынша өзара іс-қимылының арқасында қамтамасыз етілді. Технологиялық процестерді реконструкциялау және жетілдіру есебінен Сарыағаш мемлекетаралық түйісу станциясының өткізу қабілеті 50% ұлғайып, ол арқылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы негізгі жүк ағыны өтеді, - делінген ӨТЖ хабарламасында.
Теміржол компанияларының активтерін пайдалана отырып, оңтайлы маршрутты дамыту көлік-логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және екі елдің әріптестігін тереңдетуге елеулі серпін береді.
Анықтама үшін, былтыр елдер арасында жүк тасымалдау көлемі 31 млн тоннадан асып, 2022 жылмен салыстырғанда 17,2% ұлғайды.