Енді астаналықтарға жолақысын төлеу үшін көлік картасы керек емес
Жоба алдағы уақытта іске қосылады
Астанада оқушылар мен жеңілдігі бар тұрғындарға жолақысын төлеу үшін көлік картасы қажет емес, деп хабарлады Halyq Uni.
СТS компаниясының мәліметінше, алдағы уақытта елордада оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін виртуалды жол жүру картасы енгізіледі.
Валидацияны телефон арқылы QR кодты сканерлеу, валидаторға тигізу және басқа да ыңғайлы тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Осылайша, көлік картасын алып жүрудің қажеті болмайды, - деп жазылған хабарламада.
Виртуалды картаны шығару және рәсімдеу онлайн жүргізіледі.
Виртуалды карталарды рәсімдеу және пайдалану тәртібі, сондай-ақ жобаны іске қосу мерзімі туралы толық ақпарат CTS компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желіде жарияланады.