×

Білім грантының иегерлері ЖОО-ларға қандай құжат тапсырады

Комиссия құжаттарды 25 тамызға дейін қабылдайды

 Динара Амантай 05.08.2024 | 12:15
фото: Sputnik / Айсулу Жумагулова

Білім грантына ие болған талапкерлер ары қарай ЖОО-ларға қандай құжат тапсыруы тиіс? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жауап берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Білім грантының куәлігін grant.testcenter.kz сайтынан алуға болады. Ары қарай талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ЖОО-лардағы қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсынуға тиіс:

  • жеке куәлік; 
  • 3х4 көлеміндегі фото; 
  • орта білімі туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом; 
  • №075/у нысанындағы медициналық анықтама, 
  • ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі; 
  • білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда);
  • жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).

Айта кетсек, 3 тамызда мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері жарияланған болатын. Бұл ретте депутат Асхат Аймағамбетов грантқа ие бола алмаған талапкерлерге кеңес берді. Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те мүмкіндіктер әлі де бар екендігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама