Олардың бәрі Жамбыл облысында орналасқан
Биыл 31 суару каналы мен 1 бөгет коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, аталған нысандардың барлығы Жамбыл облысында орналасқан. Қазір еліміздің басқа өңірлеріндегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке қайтаруға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.
Президенттің тапсырмасы аясында 2030 жылға дейін су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау бойынша кешенді жоспар әзірленді. Жоспарда 44 су қоймасын салу, 76 гидротехникалық құрылысты, 5321 шақырымнан астам ирригациялық жүйені қайта жаңарту, сондай-ақ 3230 тік дренажды ұңғыма бұрғылау көзделген. Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, - ведомство вице-министрі Ерболат Ибрайханов.