«Әлеуметтік әмиян»: мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтандыру жүйесі іске қосылды
Пилоттық жоба әзірге еліміздің 250 мектебіне енгізілген
«Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ол eGov Mobile қосымшасында жұмыс істейді. Жобаны Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірлеген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жоба ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде қолдануға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазір тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істеп тұр. Жоба ауқымын кеңейту үшін тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелерімен мектептерді қамтамасыз ету және оларды «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кету керек, пилоттық жоба бірнеше өңірде сынақтан сәтті өтті және мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізіледі.