Қаражат Ұлттық қорға өндірілді
Атырау облысында ірі мұнай компаниясына 13 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, «Каспий нефть» АҚ 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақтау лимитін алмаған.
Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесінде Атырау облыстық сот алқасы 2024 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен «Каспий нефть» АҚ -ға 13 млрд 684 млн 868 мың 730 теңге айыппұл салды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, Ұлттық қор 13 млрд теңгеден аса қаржыға толықтырылды.