Астана мен Алматыда 2 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді
Үш зертхана жойылды
Астана мен Алматыда 2 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ҰҚК мәліметінше, шілдеде ұйымдастырылған операция барысында 3 ірі есірткі зертханасы жойылған.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен 8 қазақстандық ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту кезінде олардан 93 келіден аса синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 келі прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды,- делінген ҰҚК хабарламасында
Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 2 млрд теңгеден асады.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.