Halyq Uni логотип
×

Енді 200-ге жуық мемлекеттік қызметтің деректемесі автоматты түрде толтырылады

Алты айда 11,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді

 Динара Амантай 05.08.2024 | 09:23
Енді 200-ге жуық мемлекеттік қызметтің деректемесі автоматты түрде толтырылады
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда 198 мемлекеттік қызметтің деректемесі автоматты түрде толтырылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысы қарқынды жүрді. Мемлекеттік органдар мен бизнес үшін 20 мың цифрлы профильді қамтитын жаңа цифрлы экожүйе құрылды. Жобаларға арналған өтпелі ID-нөмірі енгізілді. Бұл олардың орындалуын тиімдірек бақылауға мүмкіндік береді.

Негізгі инновацияларға нарықтық талдау, бірыңғай деректер қоймасы, egov.kz арқылы төлемді жеңілдету кіреді. Енді 198 мемлекеттік қызметтің деректемелері автоматты түрде толтырылады. 48 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 44-і электронды түрде ұсынылады. 

2024 жылдың алғашқы алты айында 11,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл қадамдар көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және азаматтар мен бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған, - делінген Үкімет ұсынған қорытындыда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама