Берешегі 43 млрд теңге: 13 мыңнан аса қазақтандық банкрот деп танылды

Дәурен Ерболат

Құқық қорғау органдары 335 материалды тергеп жатыр

Фото: Halyq Uni

Биыл елімізде 43 млрд теңге қарызы бар 13 мыңнан аса қазақтандық банкрот деп танылды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

2024 жылғы 6 айда мемлекеттік бюджетке 8,9 трлн теңге түсті.

Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтірудің заманауи институтын құру бойынша белсенді жұмыс істеді. Жаңа заңды енгізудің нәтижесінде 43 млрд теңге берешегі бар 13 мыңнан аса азамат банкрот деп танылды, - деп жазылған хабарламада.

Биыл 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде 1 млн-нан аса есеп келіп түсті. Оның барысында бизнес-құрылымдар «кіру» декларациясын тапсырады.

Сондай-ақ экспорттық-импорттық операциялар бойынша валюталық бақылау функциясының бір бөлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне берілді. Бірінші жартыжылдықта құқық қорғау органдарына тергеу үшін 335 материал (орындалмаған міндеттемелердің жалпы сомасы – 3,3 млрд доллар) жіберілді.