Halyq Uni логотип
×

Астанада бүлдіршін 4-қабаттың терезесінен құлады

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде

 Халық үні 04.08.2024 | 23:56
Астанада бүлдіршін 4-қабаттың терезесінен құлады
Фото: ТЖМ

Төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Астана қаласының Сарыарқа ауданында болған.

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.

ТЖМ тағы да еске салады:

  • бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
  • терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
  • терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
  • москит торлары құлап кетуден сақтамайды.
  • Балалық шақ қауіпсіз болуға тиіс!

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама