×

Париж-2024: Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы белгілі болды

Финалдық бәсеке 7 тамызда өтеді

 Халық үні 04.08.2024 | 21:47
фото: Владислав Семенов

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) Париждегі Олимпиада ойындарының финалындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Нұрбек Оралбай алтын медаль үшін таласта украиналық боксшы Александр Хижнякпен жұдырықтасады. Ол жартылай финалда кубалық Арлен Лопесті ұтты.

Финалдық бәсеке 7 тамыз Астана уақытымен 01:51-де басталады.

Айта кетейік, Нұрбек бокстан қазіргі әлем чемпионы. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде топ жарған. Ал финалдағы қарсыласы Александр Хижняк Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама