×

Олимпиада: қазақстандық жеңіл атлет финалға шықты

Бұл – спортшының осы маусымдағы үздік нәтижесі

 Қымбат Елтайқызы 04.08.2024 | 13:09
фото: telegram/Туризм және спорт министрлігі

Еліміздің жеңіл атлеті Нора Джеруто финалда жарысады, деп хабаралайды Halyq Uni.

Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.

Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд. Бұл – Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді, – деп қосты ведомство.

Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама