Ақтөбеде әкесі мен балалары суға батып кетті
Қайғылы оқиға салдарынан 3 бала мен 1 ер адам көз жұмды
Оқиға кеше Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылындағы Ырғыз өзенінде болған, деп хабарлайды Halyq Uni.
1985 жылы туған ер адам суға батып бара жатқан 2011, 2013, 2017 жылы туған үш баланы құтқармақ болған. Оның екеуі – өз баласы, біреуі туысы, деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ТЖД.
Суға шомылу кезінде балалардың қасында ата-анасы болған. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар 4 адамның денесін судан алып шықты, — деп қосты өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті.
ТЖМ азаматтарды суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.