Мәйіттерді құтқарушылар алып шықты
Екі ер адам дала әжетханасына құлап қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылында екі жігіт дала әжетханасына түсіп, улы газдардың әсерінен қайтыс болды. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды, деп мәлімдеді ТЖМ-ға қарасты жедел-құтқару жасағы.
Назар аударыңыздар! Ешқашан ашық дәретханаларға немесе шұңқырларға бағалы заттарыңызды құлатып алсаңыз да, түспеңіздер. Бұл улы газдармен улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыздар, – деп ескертті құтқарушылар.
БАҚ-та тараған кейбір ақпарат бойынша, ағайындылар шұңқырға құлатып алған телефонды алып шықпақ болған.