Оқиғаның себебі анықталып жатыр
Бүгін түнде Алматы қаласының өрт сөндірушілері Түрксіб ауданының базарларының бірінде үш бутиктің жануын сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жалын аумағы 100 шаршы метрді құрады. От балалар заттары, тұрмыстық техника мен ойыншықтар бутиктерін шарпыды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.