Үй жағдайында әрі қолда бар жеміс-жидектермен дайындайтын салқын сусынның рецептін ұсынамыз
Жаздың аптап ыстығында шөлді қандыратын таптырмас сусынның бірі – мохито. Үй жағдайында әрі қолда бар жеміс-жидектермен оны қалай даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.
Мохито сусынын кубалықтар ойлап тапқан. Кейін ол Америкада да танымал болып, дәмі тіл үйіретін сусынның рецепті өзге де көптеген елге тараған. Үй жағдайында әрі қолда бар жеміс-жидектермен мохитоны қалай әзірлеуге болатынын белгілі фудблогер Диана Есенбекова таныстырады.
Сипаттамасы
Құрамы
Дайындалуы
1. Лайм мен жалбызды тураймыз
Бір лаймның сыртын жақсылап жуып, ірілеу етіп тураймыз. Сосын жалбызды да кесектеу етіп турап аламыз.
2. Туралған лайм мен жалбызды миксерден өткізіп, сүземіз
Туралған лайм мен жалбызды миксерге саламыз. Үстіне бір стақан бөлме температурасындағы суды құямыз. Жақсылап миксермен араластарымыз. Сосын стақанға қоюын алып, сүзіп аламыз.
3. Су мен қантты араластырамыз
Бір стақан суды шұңғыл ыдысқа құйып, отқа қоямыз. Үстінен қантты сеуіп, қант ерігенше жақсылап араластырып аламыз.
4. Апельсин шырынын қосамыз
Апельсинді жақсылап жуып, ортасынан бөліп аламыз. Қайнап жатқан суға апельсин шырынын сығып, жақсылап араластырамыз.
5. Құлпынайды турап, миксерден өткіземіз
Құлпынайды жақсылап, ірілеу етіп турап аламыз. Сосын миксерге салып, езіп аламыз.
6. Миксерленген құлпынайды еріген қанты бар қайнаған суға құямыз
Бір стақан суды шұңғыл ыдысқа құйып, отқа қоямыз. Үстінен қант себеміз. Оның үстіне құлпынайды құйып, қайнатамыз.
7. Дайын сусындарды стакандарға құйып, жемістерін саламыз
Дайын болған сусындарды стақандарға құямыз. Әр сусын неден жасалды, соған қарай жемістерін саламыз.
8. Мохитоға мұз бен газдалған сусын қосамыз
Мохитоға мөлшеріне қарай мұз саламыз. Сосын үстіне газдалған сусын қосамыз. Осылайша, үй жағдайында оңай әрі қолда бар жеміс-жидектерден дайындалатын мохотоның үш түрі дайын болып шығады.