Париж-2024: Назым Қызайбай жартылай финалға шықты

Халық үні

Бұл – оның алғашқы Олимпиадасы

фото: Тұрар Қазанғапов

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында Назым Қызайбай ширек финалда қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты.

50 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз ширек финалда Колумбия боксшысы Каролайн Барбозамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Назым Қызайбай айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, Назым Қызайбай бірінші жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырса, екінші айқасында бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын.

Бүгінгі колумбиялық қарсыласымнан әлем чемпионатында ұтылып қалған едім. Осы жолы есе қайтаруға тырыстым. Негізінен ақылмен жеңдім деп айта аламын. Тактика сондай болды. Келесі қарсыласым да оңай емес, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы. Десе де жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медальға таласуға бар күшімді саламын, - деді боксшы.

Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.