Париж Олимпиадасы: қазақстандық гимнаст үздік бестікке енді
Ол осымен ойындарды аяқтады
Милад Карими еркін жаттығудан Олимпиадада үздік бестікке енді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Милад Карими еркін жаттығу бойынша Париж Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, деп мәлімдеді Olympic.kz.
Қазақстандық гимнаст өз жаттығуы үшін 14.500 ұпай жинады. Бұл жаттығуда филиппиндік Карлос Юло (15.000) чемпион атанса, күміс медальді Израиль өкілі Артем Долгопят (14.966), қоланы Ұлыбритания спортшысы Джэк Джармэйн (14.933) еншіледі, – делінген ақпаратта.
Милад Карими осымен Франция төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарын аяқтады.