Көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Тұран даңғылының учаскесі бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы схемаға сәйкес Тұран даңғылының жергілікті жол жүру учаскесінде кәріз желісін кесу бойынша жұмыс жүргізеді, деп мәлімдеді әкімдік.
Жергілікті жол жүру учаскесі осы жылдың 3-5 тамызы аралығында толығымен жабылады, – деп толықтырды ведомство.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.