×

Астанада Тұран даңғылы бірнеше күнге жабылады

Көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

 Қымбат Елтайқызы 03.08.2024 | 11:12
фото: Halyq Uni

Тұран даңғылының учаскесі бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы схемаға сәйкес Тұран даңғылының жергілікті жол жүру учаскесінде кәріз желісін кесу бойынша жұмыс жүргізеді, деп мәлімдеді әкімдік.

Жергілікті жол жүру учаскесі осы жылдың 3-5 тамызы аралығында толығымен жабылады, – деп толықтырды ведомство.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама