Halyq Uni логотип
×

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық жарыста жеңіліп қалды

Команда құрамындағы екі дзюдошы ғана қарсыластарын жеңген

 Қымбат Елтайқызы 03.08.2024 | 14:00
Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық жарыста жеңіліп қалды
фото: olympic.kz/Сали Сабиров

Бүгін, 3 тамыз күні Париж Олимпиадасында дзюдодан аралас командалар сайысы басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еліміздің құрамасы жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы айналымда дзюдошылар Бразилияға 5:2 есебімен жол берді, деп мәлімдеді Olympic.kz.

Төменде әр белдесу бойынша нәтиже көрсетілген:

  • 57 кг: Әбиба Әбужақынова - Рафаэла Сильва (жеңіліс);
  • 73 кг: Данияр Шамшаев - Даниэль Каргнин (жеңіс);
  • 70 кг: Эсмигуль Куюлова - Кетлейн Куадрос (жеңіліс);
  • 90 кг: Абылайхан Жұбаназар - Рафаэль Мачедо (жеңіс);
  • 70 кг: Камила Берликаш - Беатрис Соуза (жеңіліс);
  • +90 кг: Нұрлыхан Шархан - Леонардо Гонсальвес (жеңіліс).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама