«Тыңғылықты дайындалдым»: Сәкен Бибосынов жеңілісінің себебін түсіндірді (ВИДЕО)

Халық үні

Токиода қола алған соң, осы жаққа алтын медаль алуға келген болатынмын, дейді ол 

фото: видеодан скриншот

Париж Олимпиадасының ширек финалында өзбек боксшысына есе жіберген Сәкен Бибосынов журналистерге сұхбат берді.

Көрдіңіздер, қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Өкінішті, 3:2 есебімен ұтылып қалдым. Қарсыласымды жеңісімен құттықтаймын. Басты қарсыласым осы еді. Бұл боксшыны ұтқанымда, кем дегенде қола алар едім. Бәрі Алланың қалауымен ғой. Аллаға шүкір осы Олимпиадаға келіп елімнің намысын қорғағаныма. Әттең-ай, елдің намысын абыроймен қорғай алмадым деп ойлаймын.

Токиода қола алған соң, осы жаққа алтын медаль алуға келген болатынмын. Тыңғылықты дайындалдым. Қателіктер болды. солармен жұмыс істейміз. Маған сенім артқан, қолдаған барша қазақстандықтарға, отбасыма алғыс айтамын, - деді Бибосынов.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосыновтың өзбек боксшысынан жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.