Париж-2024: Сәкен Бибосынов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

Халық үні

Сәкен Бибосынов Хасанбой Дусматовқа есе жіберді

фото: видеодан скриншот

Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңілді.

Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбек боксшысы Хасанбай Дусматовпен кездесті. 51 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері болса, Дусматов Рио Олимпиадасында алтын медаль иеленген еді.