×

Нұрбек Оралбай Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Оның еншісінде кем дегенде қола медаль бар

 Халық үні 02.08.2024 | 21:34
фото: olimpic.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Оның еншісінде кем дегенде қола медаль бар, деп жазады Halyq Uni Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевпен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Осылайша, Нұрбек Оралбай Қазақстан құрамасынан жартылай финалға шыққан алғашқы боксшы атанды. 

Айта кетелік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) жарысты аяқтаған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама