Halyq Uni логотип
×

Министрлік қазақстандықтарға Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға кеңес берді

Таяу Шығыста жағдай ушығуына байланысты СІМ мәлімдеме жасады

 Динара Амантай 02.08.2024 | 17:49
Министрлік қазақстандықтарға Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға кеңес берді
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға аталған өңірдегі ахуал тұрақтанғанға дейін Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға ұсыным береді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазір аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса үйлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Израиль мен Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұраймыз, – делінген СІМ хабарламасында.

Қосымша ақпарат алу немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлері арқылы шұғыл байланысқа шыға алады:

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:

  • +7 7172 720111 (кезекші дипломат)
  • +7 705 4433332 (ұялы телефон, WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:

  • +972 (3) 503 78 85 (кезекші)
  • +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Ливандағы елшілігінің байланыс нөмірлері:

  • + 961 04 713 447 (кезекші)
  • + 961 70 069 977 (ұялы телефон, WhatsApp)
  • + 961 71 116 004 (ұялы телефон, WhatsApp)

Серіктес жаңалықтары

Сараптама