Halyq Uni логотип
×

Су тасқыны: Құлсарыдағы құрылыстың сапасын бейнекамералардан бақылауға болады

Премьер-министр тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

 Динара Амантай 02.08.2024 | 17:31
Су тасқыны: Құлсарыдағы құрылыстың сапасын бейнекамералардан бақылауға болады
Фото: t.me/KZgovernment

Олжас Бектенов Құлсарыдағы тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкіметтің мәліметінше, Атырау облысы бойынша 1,3 млрд теңгеге 3652 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек алды. Өңірде су тасқынынан 2650 үй зақымданған. 1 457 үй апатты деп танылса, 1 193 үй күрделі жөндеуге жатады.

Құлсарының «Болашақ» жаңа шағын ауданында 100 тұрғын үй салынып жатыр. Бүгінде жұмыс 72%-ға аяқталды. Салынып жатқан 96 нысанның іргетасы қаланып, 78 үйдің қабырғасы тұрғызылса, 34-інде төбесін жабу жұмыстары басталды. Үйлерді осы жылдың қыркүйегінің соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Шағын аудандағы тұрғын үйлерден бөлек, 2 мың орынды Binom мектебі мен 300 орынды балабақша салынады.

Сондай-ақ құрылыстағы мердігер ұйымдар саны 2,5 есе ұлғайтылды. Жұмыстың сапасын бақылау мақсатында учаскелерде Gov.kz сайтында көрсетілетін бейнебақылау камералары орнатылған.

Су тасқыны салдарын жою және барлық зардап шеккендердің баспана мәселесін шешу Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Жұмысты тездетіп, мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтау керек. Құрылыстың барлық кезеңін бақылай отырып, әр мердігермен жобалық негізде жұмыс істеу қажет. Бұл тұрғын үйдің тиісті сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды, – деді Олжас Бектенов.

Бұған қоса, қалада бүлінген автожолдарды қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бүгінде жоспарланған 12,1 шақырымның 4,9 шақырымы жөнделді. Сондай-ақ су тасқыны кезінде зардап шеккен 215 кәсіпкерге өтемақы төленді. 1614 шаруа қожалығына мал мен үй құстарына келтірілген шығын өтелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама