×

Электронды цифрлық қолтаңбаны флешкада беруге тыйым салынуы мүмкін

Қазір биометриялық сәйкестендіру әдісі қауіпсіз саналады

 Динара Амантай 02.08.2024 | 16:33
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны файлдық тасымалдағышта шығаруға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы брифинг барысында Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Спикердің айтуынша, қазір биометриялық сәйкестендіру, «бұлттық ЭЦҚ» кеңінен таралған, сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаны алып қоюға мүмкіндік қарастырылмаған токендердің қауіпсіздігі жоғары болып отыр.

Бұл ретте елімізде цифрландыру кезеңі енді басталып жатқан уақытта жаппай халықты ЭЦҚ-мен қамтамасыз етуде осы файлдық тасымалдағыштарға шығару әдісі қолайлы болғанын атап өткен жөн. Алайда, қазір бұл тәсіл қауіпсіздігі бойынша ең осалы болып отыр, – деді Руслан Әбдіқалықов.

Осыған байланысты комитет төрағасы ЭЦҚ-ны флешкаларға шығаруға тыйым салу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама