×

Жандос Өмірәлиев Бас прокурордың орынбасары қызметіне тағайындалды

Ерлік Кененбаев лауазымынан босатылды

 Динара Амантай 08.06.2022 | 14:42
Фото: gov.kz

Президент Жандос Өмірәлиевті жаңа лауазымға тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев, 1978 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы аудан прокурорының көмекшісінен бастап, осы салада үздіксіз 18 жылдан астам қызмет атқарып келеді.

Ақтөбе облысы прокуратурасы және Батыс аймақтық көлік прокуратурасында басшы лауазымдарды атқарған.

2010-2011 жылдары Заңдылық, құқықтық тәртіп және қылмыспен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасы Үйлестіру Кеңесінің хатшысы - Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі көмекшісі болған.

2011-2017 жылдары арасында Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментінің бастығы және Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама