СҚО-да 20-дан аса шенеунік жазаланды

Динара Амантай

Прокуратура мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген заңбұзушылықтарды анықтады

Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында 21 шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратура мемлекеттік сатып алу саласында туындаған дауларға талдау жүргізіп, мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, жосықсыз жеткізушілерге қатысты талап-арыздарды сотқа уақтылы бермеу және кәсіпкерлерді жосықсыз қатысушы деп тану туралы күшіне енген сот актілерін жібермеу фактілері анықталды.

Тапсырыс берушілердің әрекетсіздігі салдарынан 6 жосықсыз жеткізуші конкурстарға қатысып, мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттар жасасуды жалғастыра берген.

Заңбұзушылыққа жол бергені үшін қадағалау органының актісі бойынша 21 лауазымды адамды Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.