Halyq Uni логотип
×

Ұлты жазылмаған шетелдік қандастардың қазақ екенін айқындау қағидалары бекітілді

Енді олар ұлтын қосымша құжаттар мен туыстары арқылы дәлелдей алады

 Ербол Тұрымбет 02.08.2024 | 12:31
Ұлты жазылмаған шетелдік қандастардың қазақ екенін айқындау қағидалары бекітілді
Фото: golos-naroda.kz

Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ, ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда қандас мәртебесін және Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидалары бекітілді. «Юрист «ПАРАГРАФ» телеграм-арнасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №282 бұйрығы қабылданғанын жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақ ұлтына жататындығын анықтағысы келетін адамдар migration.enbek.kz порталы, «Құтты мекен» мобильдік қосымшасы арқылы, сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган арқылы өтініш бере алады. Одан бөлек, ҚР шет елдердегі мекемесі арқылы да өмірбаяны мен тұрақты тұратын елдің төлқұжатының көшірмелерін қоса ұсынып, өтініш беруге мүкіндігі бар. 

Министрдің жаңа бұйрығы бойынша, қандас мәртебесіне немесе азаматтыққа үміткерлердің қазақ ұлтына жататындығын анықтау үшін жергілікті атқарушы орган комиссия құрады. Комиссия мынадай тәртіппен жұмыс істейді: 

  • үміткердің қазақ ұлтына жататынын растайтын жеке басын куәландыратын құжаттардан басқа өзге де құжаттарды қарау;
  • адамға өзін этникалық қазақ ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілін, салт-дәстүрлерін, мәдениетін, туыстығын және басқа да факторларды білуге бағытталған бетпе-бет не онлайн форматта әңгімелесу;
  • алынған ақпаратты талдау және бағалау;
  • шешім қабылдау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама