Ресей мен АҚШ тұтқындармен алмасты: тізімде кімдер бар
Алмасу операциясы Түркияда өтті
Түркияда Ресей мен АҚШ тұтқындармен алмасты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
rbc.ru ақпараттық порталының мәліметінше, алмасу шарасы Анкарада түрік барлау қызметінің (MIT) үйлестіруімен өткен. Операцияда 26 адам өзара алмастырылды. Оның ішінде 24-і жеті түрлі елдің (АҚШ, Германия, Польша, Словения, Норвегия, Ресей және Беларусь) түрмелерінде болған. Жеті ұшақпен (екеуі АҚШ-тан және Германия, Польша, Словения, Норвегия және Ресейден) Түркияға жеткізілген 10 адам, оның ішінде 2 бала Ресейге, 12-сі Германияға, 4-еуі АҚШ-қа жіберілді.
MIT бұл операция АҚШ, Ресей және Германия арасындағы қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең үлкен алмасу ретінде тарихқа енетінін айтты.
АҚШ-қа осы елдің үш азаматы – журналист Эван Гершкович, бұрынғы теңізші Пол Уилан және журналист Алсу Курмашева (оның Ресей азаматтығы да бар) аттанды. Қалғандарын Германия қабылдады. Бесеуінде осы елдің азаматтығы бар. Олар:Рико Кригер (оны Беларусь берді), заңгер Герман Мойжес, мемлекетке опасыздық жасау бойынша ең жас айыпталушы Кевин ЛИК, саясаттанушы Демури Воронин және есірткі контрабандасы үшін айыпталған Патрик Шебель. Мойжес пен Ликтің Ресей азаматтығы бар, – делінген тілші материалында.
Батысқа берілген Ресей азаматтарының қатарында оппозиционер Илья Яшин, құқық қорғаушы Олег Орлов, оппозиционер және журналист Владимир Кара-Мурза бар.