×

Жарты жылда 100 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасты

Бизнесті қолдау аясында 4 мыңнан астам грант берілді

 Динара Амантай 02.08.2024 | 09:44
Фото: Halyq Uni

Жарты жылда 100 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы Үкіметтің әлеуметтік қорғау және еңбек нарығын дамыту саласындағы нәтижелерге шолуынан белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, 315 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамту шараларына қатысқан. 231 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылса, оның 98 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орнына ие болды.

Сондай-ақ, еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік бойынша 36 мыңнан астам жұмыссыз азамат онлайн білім алса, оның 33 мыңға жуығы оқуын аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 38 мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, оның ішінде 24 мыңнан астамы оқуын аяқтап, сертификат алды. Сонымен бірге 110 мыңнан астам адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. Жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарға 400 АЕК мөлшерінде 4 мыңнан астам грант берілді, – делінген Үкімет қорытындысында.

Айта кетсек, елімізде сапалы жұмыс орындарын бақылау жүйесі қолданысқа енді. Республика бойынша сапалы жұмыс орындардың саны 2,3 млн-ға жетті. Оның ішінде 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама