Halyq Uni логотип
×

800 келіге жуық есірткіні шекарадан өткізбек болған шетелдіктер ұсталды

Оның қара нарықтағы құны 15 млн доллардан асады

 Динара Амантай 02.08.2024 | 09:07
800 келіге жуық есірткіні шекарадан өткізбек болған шетелдіктер ұсталды
Фото: Halyq Uni / Жансерік Күзембай

Құны 15 млн доллар болатын аса ірі есірткі партиясын шекарадан өткізбек болған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 31 мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік иттің көмегімен ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті есірткіні тауып, тәркілеген.

Сараптама нәтижесінде алынған заттардың құрамында героин бары анықталды. Оның жалпы салмағы – 775 келі. Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан асып түседі.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама