Дәл осы категорияда қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова бақ сынап жатыр
Италиялық боксшы Анджела Карини алжирлік трансгендер Иман Хелифпен жекпе-жектен кейін Олимпиадаға қатысудан бас тартты.
Жекпе-жек тура 46 секундқа созылды. Басынан соққы өткізіп алған италиялық спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты.
2023 жылғы әлем чемпионатында Хелифтің бойынан ерлерге тән XY хромосомалары анықталғаны үшін ойыннан дисквалификацияланған болатын. Яғни Карини биологиялық ер адаммен төбелескен.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадада әйелдер боксына 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі трансгендер спортшыға қатысуға рұқсат берді.
Дәл осы категорияда қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова бақ сынап жатыр. Ол да алдағы уақытта трансгендермен жекпе-жекке шығуы мүмкін.