Бұл іске қатысы бар 32 шетелдік және 6 қазақстандық ұсталды.
«Қорғас» халықаралық орталығының қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 жасырын казино қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
18 шілдеде ҰҚК жедел қызметкерлері мен шекарашылары ҚМА-мен бiрлесіп, бұл іске қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 қазақстандықты ұстады.
Тінту барысында олардан ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақша тәркіленді.
Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.