Оралдық клубтың бұрынғы басшысы қамалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық ФК» ЖШС экс-директорының құрықталғанын растады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу жалғасып жатыр, деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.