Halyq Uni логотип
×

Қорғаныс министрі сарбаздардың өліміне армия ғана кінәлі емес екенін жеткізді

Әскерге азаматтық қоғамнан пісіп-жетіліп, өз проблемаларымен келіп отыр

 Еркеғали Болатұлы 08.06.2022 | 14:07
Қорғаныс министрі сарбаздардың өліміне армия ғана кінәлі емес екенін жеткізді
коллаж: Halyq Uni

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов сарбаздар арасында неге өлім-жітім жиілеп кетті деген сұраққа жауап берді.

«Біріншіден, мұндай жағдайлар көп емес. Екіншіден, мемлекет басшысы әр жағдайды егжей-тегжей анықтауды тапсырды. Біз комиссия құрдық. Ең алдымен біз мұның себебін түсінуіміз қажет. Жастар неге өз-өзіне қол жұмсайды? Бұған тек армия ғана кінәлі емес қой», - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, комиссия құрамына қарулы күштердің жетекші мамандары кірген. Сонымен қатар, білікті психологтар, әлеуметтанушылар жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ министр әскери қызметшілердің өмірі үшін жауапкершілік командирлерге жүктелетінін атап өтті.

Бірақ адам әскерге азаматтық қоғамнан пісіп-жетіліп, өз проблемаларымен келіп отыр. Біздің міндет – осы проблемаларды барынша жойып, оны әскери қызметтен өтуге бейімдеу.

Өйткені армияның басты мақсаты – жас ұрпақты дайындау, оған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін әскери-қолданбалы дағдыларды сіңіру», - деді Руслан Жақсылықов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама