eGov порталындағы ақаулар туралы хабарлама шындыққа жанаспайды – электронды үкімет

Динара Амантай

Қазақстандықтардың деректеріне басқа адамдар қол жеткізе алмайтыны айтылды

Фото: Halyq Uni

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әлеуметтік желіде тараған ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасының ақаулары туралы аудиохабарлама жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді.

Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз. Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге ХҚКО порталы мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне басқа адамдар қол жеткізе алмайтыны хабарланды.