Ол 100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатыр
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының келесі айналымына өтті, деп хабарлайды Halyq Uni басылымы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Шархан алғашқы айналымда бельгиялық Тома Никифоровпен кездесті.
Белдесу барысында бельгиялық балуан үш ескерту алып, кездесу қазақстандық дзюдошының жеңісімен аяқталды, – делінген ақпаратта.
Нұрлыхан Шарханның келесі қарсыласы – өзбекстандық Мұзафарбек Тұробаев.