Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық дзюдошы Олимпиаданы жеңіспен бастады

Ол 100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатыр

 Қымбат Елтайқызы 01.08.2024 | 13:53
Қазақстандық дзюдошы Олимпиаданы жеңіспен бастады
фото: olympic.kz/Сали Сабиров

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының келесі айналымына өтті, деп хабарлайды Halyq Uni басылымы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Шархан алғашқы айналымда бельгиялық Тома Никифоровпен кездесті.  

Белдесу барысында бельгиялық балуан үш ескерту алып, кездесу қазақстандық дзюдошының жеңісімен аяқталды, – делінген ақпаратта.

Нұрлыхан Шарханның келесі қарсыласы – өзбекстандық Мұзафарбек Тұробаев. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама