Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанды: Балалардың құқығын қорғау комитеті түсінік берді

Оқушыны кәмелеттік жасқа толмаған жақын туысы зорлаған

 Динара Амантай 01.08.2024 | 13:40
Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанды: Балалардың құқығын қорғау комитеті түсінік берді
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысындағы 12 жасар оқушы қыздың жүктілігі зорлау салдарынан болған. Бұл туралы Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Комитет төрағасының айтуынша, қызды кәмелеттік жасқа толмаған жақын туысы үйде зорлаған.

Бұл келеңсіз оқиға 2023 жылдың қазанында болған. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім психиатриялық ауруханаға орналастырылды. Қажетті сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай Балалардың құқығын қорғау комитетінің бақылауында, – деді Насымжан Оспанова.

Сондай-ақ, спикер жас ана мектепте білім алуын ары қарай да жалғастыратынын жеткізді. Оған қажетті психологиялық, педагогикалық көмек көрсетіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында 12 жастағы оқушы кесарь тілігі арқылы босанғанын хабарлаған болатынбыз. Жасөспірім қыздың денесіндегі өзгерістерді байқаған мұғалімдер дәрігерлерге хабарласқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама