Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында дезинфекция орталығының бас директоры сотталды

Оның сыбайласы айыппұл төледі

 Динара Амантай 01.08.2024 | 12:34
Түркістан облысында дезинфекция орталығының бас директоры сотталды
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалының бас директоры К. Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикордың мәліметінше, Төрегелдиев алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлық танытқаны, ал Озықбаев пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

Төрегелдиев РМК-да жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен Озықбаевтың 500 мың теңге көлемінде қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Сондай-ақ, Төрегелдиев өз міндеттеріне немқұрайлы қарағандықтан, орындалған жұмыс актілеріне қызметтің орындалмағанына қарамастан қол қойған. Салдарынан мемлекетке 2,2 млн теңге шығын келтірді, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен Төрегелдиев 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Озықбаевқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Сонымен қатар аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама