Halyq Uni логотип
×

Еуропаға балықты заңсыз экспорттаған кәсіпкерге қомақты айыппұл салынды

Балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллион теңгеден асқан

 Динара Амантай 01.08.2024 | 11:36
Еуропаға балықты заңсыз экспорттаған кәсіпкерге қомақты айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысы Қонаев қаласының сотында шетелге аса ірі көлемде балық өнімін экспорттаумен айналысқан шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, 2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында компания басшысы браконьерден заңсыз ауланған балықты сатып алып, Еуропалық Одақтың әр түрлі елдеріне экспорттаған. Ол экспортқа рұқсат алу үшін балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттар пайдаланды.

Заңсыз экспортталған балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллионнан теңгеден асты.

26 шілдеде сот үкімімен азамат И. ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 210 млн теңге кедендік төлемдерді мемлекет кірісіне өндіре отырып, оған 1 мың АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама