Елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы, күн ашық болады
Қазгидромет мамандары 1-3 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Республиканың бүкіл аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.
Еліміздің солтүстік жартысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ, қатты дауыл бар.
Елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы, күн ашық болады.
Республиканың батысында күндізгі уақытта ауа температурасы +31+36°С дейін жоғарылайды.
Ал елдің қалған аумағында температура біртіндеп төмендейді.