Halyq Uni логотип
×

АШМ Каспийдегі шаяндардың қырылуына қатысты түсініктеме берді

Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алынды

 Халық үні 31.07.2024 | 23:50
АШМ Каспийдегі шаяндардың қырылуына қатысты түсініктеме берді
Фото: Pixabay.com

Каспий теңізінде шаяндардың жаппай қырылуы тіркелген болатын. Осы мәселеге қатысты бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді. 

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе)қырылуы анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен мүдделі мемлекеттік органдарға хабарланғанын мәлімдейміз», - делінген хабарламада. 

Осыған орай шұғыл түрде Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің өкілдерімен бірге шаяндардың болжамды қырылу орнына барды. 

Ауа-райына байланысты (дауыл, лай су) шаяндардың қырылған жерін көзбен анықтау мүмкін болмады, - деп хабарлады АШМ.  

Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алынды. Эколог мамандардың айтуынша, мониторинг жалғасады, ақпарат дауыл аяқталғаннан кейін қосымша тексерілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама