Halyq Uni логотип
×

«Жақында түрмеден шыққан»: Таразда әйелін өртеп жіберген ер адам өзіне қол жұмсады

Оның денесі өз үйінің маңынан табылды

 Халық үні 31.07.2024 | 19:35
«Жақында түрмеден шыққан»: Таразда әйелін өртеп жіберген ер адам өзіне қол жұмсады
фото: Halyq Uni

Тараз тұрғыны өз үйіне от қойған. Сол кезде үйде болған әйелі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейіннен үйдің маңынан отағасының мәйіті табылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жақында түрмеден босап шыққан 54 жастағы ер адам мен әйелінің арасында жанжал болған. Сол кезде үй иесі үйді өртеп жіберген. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі өз үйінің маңынан табылды. Денесін күйік шалған әйелі ауруханада қайтыс болды. Аталған дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген ақпаратта.

Әйелдің денесінің 98 пайызын күйік шалған. Бүгін таңертең әйел есін жимастан жан тапсырды.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама